Бүгiн 2026, 00:48
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылып жатыр
Рұқсатсыз салынған үйге қатысты іс аяқталды.
Алматыда заңсыз салынған нысан сот шешімімен бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Циолковский көшесі, 2/324 мекенжайында орналасқан ғимарат сот арқылы заңсыз деп танылған. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 4 қабатты нысан тұрғызғаны анықталған.
Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, іс сотқа жолданған. Ұзаққа созылған сот процестерінің нәтижесінде апелляциялық сот алқасы заңсыз салынған нысанды бұзу туралы шешім шығарды, – деп жазылған хабарламада.
2026 жылғы 23 ақпанда атқарушылық іс Әділет департаменті тарапынан қозғалған. Қазіргі уақытта сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты бұзу жұмыстары басталған.