21 Ақпан 2026, 06:22 Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда заңсыз нысан бұзылды

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдаған.

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.

Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

Ғимаратты бұзу жұмыстары меншік иесінің күшімен, мәжбүрлеу шараларын қолданбай жүзеге асырылды, – деп жазылған хабарламада.