Алматыда заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерге айыппұл салынды
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Instagram желісіндегі "Justking31" аккаунтына қатысты заңсыз лотерея қызметін анықтады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында аталған парақшада күн сайын ақшалай қаражат, смартфондар және тіпті Алматыдағы екі қабатты үйді ұтысқа тіккені белгілі болды.Ұтыс ойынына қатысу үшін азаматтардан 29 990 теңге тұратын Oilan Lab ЖШС-іне тиесілі оқу курстарын сатып алу талап етілген. Жеңімпаздар «Поле чудес» жабдығы арқылы таңдалған, - делінген хабарламада.
ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігіне сәйкес аккаунт иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, істі ҚР ТСМ Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қарады.
Нәтижесінде аккаунт иесі 300 АЕК көлемінде айыппұлға тартылды. Ол кінәсін мойындап, айыппұлды толық төлеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда жүк көлігі қоршауға соғылып, газ құбырын зақымдады
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы