Алматыда заңсыз базарды бұзу жұмыстары басталды
Сот шешімі бойынша Алматыдағы «Үміт» базары сүрілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала жоспардан тыс тексеріс барысында иесіне рұқсат қағаздарының жоқтығы үшін әкімшілік шара қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген еді.
2025 жылғы 22 шілдеде басқарма ААЭС-ке (Арнайы ауданаралық экономикалық сот) базарды сүріп тастау туралы талап арыз жолдады. 2025 жылғы 27 тамызда Алматы қаласының ААЭС сотының шешімімен басқарманың арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау мақсатында ғимаратты иесі өз еркімен бұзу жұмыстарын бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңдеуші өнеркәсіп алға шықты: Өсімнің басты көзі анықталды
Келесі жаңалық
Елдегі еңбек адамы: дәнекерлеуші Болатбек
Өзгелердің жаңалығы