Алматыда залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда 2984 үйдің 8264 кіреберісі мен 1426 аула алаңдары 100% өңделді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жұмысқа 65 бригададан 465 адам тартылған және олар 71 500 литр дайын ерітінді пайдаланған.Сонымен қатар, көшелер мен тротуарларды жуу және залалсыздандыру жұмыстары да тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.
15 мамыр күні 5 027 мың шаршы метр көше, оның ішінде 24 әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 636 мың шаршы метр тротуарлар және 270 басқа да нысандар, 135 контейнерлік алаң мен 628 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды, - делінген хабарламада.
Көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, тротуарлар және басқа да нысандарды, оның ішінде көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін 163 арнайы техника мен 1136 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Оған 480 мың литр ерітінді жұмсалған.
Сондай-ақ 1454 контейнер алаңын дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. Оған 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Одан бөлек, бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құраған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазығұрт ауданындағы үйлер жауын суынан тазартылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы