Алматыда заңсыз ойынханалардың жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп заңсыз ойын залдарын анықтау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 48 заңсыз ойын залын анықтады (оның 8-і ойын залы, 1 астыртын ойынхана), көлеңкелі айналымнан 100 ойын терминалы және 216 компьютер тәркіленді, жалпы 28 қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында электронды және интернет ойынхананың жұмысына тыйым салынған.

Алайда, биыл 25 мамырда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңға қайшы қызмет етіп келген электронды ойынхананың жұмысы анықтады. Іс-шара барысында электронды ойынхананың ішінен 50 компьютер және көлеңкелі айналымнан 210 000 теңгеден асатын ақша тәркіленді.

Бұл айғақ бойынша ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 2 тармағына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы