Алматыда "Өз еліңді бұзба" муралы салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында "Алматы - Адалдық алаңы" аясында "Өз еліңді бұзба" муралы салынды.

Жобаны қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белсенділер мен қоғам қайраткерлері қолдады.



Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған. Муралдың тұсаукесеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.
Жұмысты алдын алуға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, адал және парасатты ұрпақ тәрбиелеуге, халықпен тұрақты кері байланыс орнатуға бағыттау керек. Азаматтарды тыңдап, оған құлақ асып, кез-келген мәселеге жедел ден қою қажет, - деді ол.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жобаның бастамашысы ретінде азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырды.
Мұндай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеуге арналған, - дейді қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.
Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы