Алматыда ыстық судың сапасы нашарлады: Тұрғындар әкімдіктен мәселені шешуді талап етті
Әлеуметтік желіде тұрғындардың бірі судың сапасына наразылық білдіріп, тарифтер көтерілгенімен, қызмет көрсету сапасы керісінше төмендеп бара жатқанын жазған.
Суды жарты сағат бойы ағыздық. Бұл қалай болғаны? Тарифтерді көтереді, ал судың сапасы төмендейді. Су лай, тіпті есептегіш арқылы бір тонна су ағызғаннан кейін де тазарған жоқ. Одан кейін кетіру қиын тұнба қалады. Эмаль да бүлініп жатыр. Алматы әкімдігі осы мәселені шешсін. Әйтпесе, бүкіл шағынаудан тұрғындары e-Otinish арқылы шағымдана бастайды, – деп жазды тұрғын.
Компания не дейді?
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері ыстық су сапасының уақытша нашарлауына жылу көзінен жылу тасымалдағышты беру тоқтатылып, қайта қосылуы себеп болғанын түсіндірді.
Компания мәліметінше, үйдің элеваторлық торабында ірі қоқыстарды ұстайтын сүзгі орнатылуы керек. Осыған байланысты пәтер иелерінің кооперативі немесе мүлік иелерінің бірлестігі өкілдеріне сүзгінің жағдайын тексеріп, үйдің ішкі құбыр жүйесін шаю ұсынылды.