Алматыда «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Алматы, BAQ.KZ. Қаланың сегіз ауданында, көшеде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық пен қылмыстың уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері 25 тамыздан 27 тамызға дейін «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті хабарлады.
«Құқық тәртібі» алдын-алу іс-шарасына барлық аудандардың полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ, полицияның қоғамдық көмекшілері қатысуда.Күндіз де, түнде де патрульдік бағыттар жасалды. Жедел-алдын алу іс-шарасының міндеттері - есепте тұрған адамдарды тексеру, заңсыз пәтер жалдап тұрған адамдарды анықтау, қару иелерін тексеру. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назары басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге аударылады. Алматы Полиция департаменті жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері туралы халықты қосымша хабардар етеді, - делінген хабараламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы