Алматыда үй өртеніп, үш адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды, деп хабапрлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
16 қараша күні сағат 00.48 кезінде өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылының «Труженник» саяжайлық қоғамдастығында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен өртеніп кеткен, – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Сағат түнгі 02.36 кезінде өрт сөндірілген. Департаменттің хабарлауынша, тілсіз жау 240 шаршы метр аумақты шарпыған.
Үйінділерді тексеру барысында өрт орнынан денесі жартылай күйіп кеткен үш адамның: 1985 жылы туған әйел мен оның 2008 және 2014 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
“Алаштың айбоз Әбіші” атты мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы