Алматыдағы психикалық орталыққа пандемия басталғалы 1800-дей науқас түскен
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Психикалық сауықтыру орталығы 5 наурыздан бастап пандемияға байланысты провизорлық орталық ретінде қызмет көрсетіп жатыр. Негізінен шетелден ұшып келген азаматтар әкелінді, осы уақытқа дейін 1800-дей адамды қабылдадық.
Бұл туралы Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, орталыққа жеткізілгендер ішінде 152 адамнан вирус анықталып, олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып отырған.
1 шілдеден бастап біздің орталықта 350 төсек-орын дайындалды. Мақатаев көшесі бойындағы бөлімшеде 180 орын, Әбіш Кекілбаев көшесіндегі бөлімде 170 төсек-орын бар. Осы провизорлы орталықта 296 білікті медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек орталықта өкпесі қабынған науқастарға медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл өкпе қабынуына қарсы, бактерияға қарсы және антикоргулянттық ем шаралары қолданылады. Одан бөлек бұл ауруларға аксинотерапия қолданылады, - дейді ол.Орталықта 6 ИВЛ аппараты бар екен, жыл соңына дейін тағы 4 ИВЛ аппаратын алуды жоспарлап отыр.
Қазір біздің орталыққа күніне орташа есеппен 8-10 адам түсіп жатыр. Осыдан 2-3 апта бұрын күніне 20-25 науқас келіп түсетін. Осы айдың басынан бері 499 науқас жазылып шықты. Оның ішінде 1933 жылы өмірге келген кейуана бар, ол кісі 18 күн ем қабылдап жазылып шықты. КТ-ға түсіргенде өкпесінің 64 пайызы қабынған болатын. Апамыз кетерінде дәрігерлерге алғыс білдіріп, батасын беріп кетті, - дейді С.Рахменшеев.Сонымен қатар, ол пандемияға қарамастан психикалық сауықтыру орталығы өзінің тікелей міндеттерін де атқарып жатқанын жеткізді.
Біздің диспансерлік бақылауда тұрған психикалық немесе наркологиялық ауытқуы бар науқастарды амбулаторлық және жатқызып емдеу шарасын жүргізіп жатырмыз. Яғни психологиялық көмек беру тоқтаған жоқ, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас прокуратура тағы бір тексеруді аяқтады
Келесі жаңалық
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Өзгелердің жаңалығы