Алматыдағы инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге беріле ме?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне қарастырылған үстемеақыға қатысты түсінік берді.

Инфекциялық, провизорлық госпиталде коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істеп жатқандар 2 млн теңге көлемінде үстемеақы алады деп жарлықта көрсетілген. Менің ойымша медицина қызметкерлерінің бәрі өздерінің кәсіби борышын өтеу барысында инфекция жұқтырып отыр, сондықтан комиссияның шешімімен үстемеақы алулары керек,-деді Әбілдаев.

Айта кетсек, бұған дейін басқарма басшысы Алматыда 218 медицина қызметкерінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын мәлімдеген еді. Оның
182-сі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасынан - 30, жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының - 2 қызметкері, №1 клиникалық қалалық аурухананың 1 қызметкері және 11, 32 қалалық емханаларының 1 қызметкерден бар.

Қазір Алматыдағы стационарларда қауіпті індетті жұқтырған 311 адам емделіп жатыр. Жазылып шыққандар саны 58. Оның ішінде 56 ересек адам және 2 бала бар. 

Сонымен қатар, провизорлық госпиталдарда 343 адам бар, оның 11 бала. Карантиндік оқшаулауда 419, үй карантинінде 7097 адам бар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы