Алматыдағы блок-бекеттер алынды
Алматы, BAQ.KZ. Дәл түн ортасында қала периметрі бойынша орналасқан 27 блок бекеттің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл блок-бекеттер 19 наурыздан бастап елімізде жарияланған және Алматыда карантин енгізілген төтенше жағдай аясында жұмыс істей бастаған еді.
Алғашқы күннен бастап әскери қызметшілер, әкімдік қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері блок бекеттерде полициямен бірге қызмет етті. Алматыда карантин кезеңінде 2 мың 200-ден астам төтенше жағдайдың бұзылуы анықталды, олардың үштен бірі блок бекеттерінде болды: полиция қызметкерлері карантиндік аймақтың шекараларын рұқсатсыз өту, өткізу фактілерінің алдын алды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, екі ауысымдық режимде жұмыс істеген 700-ге жуық полиция қызметкері блок бекеттерінің жұмысына жұмылдырылды. Физикалық және моральдық ауыртпалықтарға қарамастан, бұл жауынгерлер өз міндеттерін абыроймен атқарып, короновирустық инфекциямен күресуде маңызды үлес қосты,- дейді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Блок бекеттер 00:00-ден кейін алынып тасталды. Осы мақсатта техника, манипуляторлар тартылды, тұрақты қызмет көрсету орындарындағы жеке құрам арнайы автобустармен тасымалданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда барлық базарлар қызметін қайта бастады
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы