Алматыдағы автотұрақтар тегін қызметке көшеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы эпидемиологиялық және карантин жағдайына байланысты қаладағы паркингтер наурыздың 21 мен сәуірдің 15 аралығында ақысыз қызмет көрсетеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімдігі қала тұрғындарынан автотұрақтың барлық талаптарын сақтауға шақырады.Көліктерді сызық белгілерге сәйкес қоюларыңызды және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ көлікті арнайы белгіленген автотұрақ орындарына және жедел көмек қызметтерінің жүруіне кедергі келтірмейтіндей етіп қоюларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Қала автотұрағы аумағындағы тәртіп Алматы жол полициясы басқармасымен бақыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы