Алматыда WT Таеквондодан ашық республикалық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қараша айының 12-13 күндері Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WT Таеквондодан «Жеңіс» кәсіби спорт клубының кубогы ашық республикалық турнирі өтеді.

Бұл турнирде Қазақстаннның әр аймағынан келген мықты спортшылар өнер көрсетеді. WT Таеквондо ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Бұл турнирге әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша ересектер, жеткіншектер, кадеттер мен балалар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес жарыстың www.tkdream.kz сайтына тіркеліп тиісті қаражат төлеу қажет.

Турнирдін басты мақсаты елімізде шығыс жекпе-жегі таеквондо спорт түрін дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы