Алматыда «World Skills Almaty – 2023» өңірлік чемпионаты өтуде

Аталмыш шара «Кәсіптік білім: табысқа жету жолы» атты жұмысшы кәсібінің фестивалі аясында ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Колледж студенттерінің арасында өткізілген 380-нен астам жас бақтарын сынауда. Чемпионат он күнге созылады. Жеңімпаздар биылғы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. Ал Халықаралық чемпионат 2023 жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.

Алматы қаласындағы чемпионат барысында «Аспаздық ісі», «Қонақүй шаруашылығын басқару», «Гид – экскурсовод» мамандықтары бойынша байқау өтіп, қатысушылар бірнеше модульден тұратын тапсырмаларды орындады.

Біз жас мамандарды барынша қолдауға, оларға мүмкіндік беруге тырысамыз. Студенттеріміздің көпшілігі шетелде ұйымдастырылатын жарыстарда жүлдегер атанып, ел абыройын асқақтатуда. Қаламызда ұйымдастырылған чемпионатқа «Аспаздық ісі» бойынша қаламыздың 7 колледжі қатысып жатыр. Оқу орнының басшылығы жеңімпаздарды қаржылай сыйлықпен марапаттап, жоғары білім алуына көмектеседі, – дейді Ләззат Шолақова.

«World Skills» – бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруды көздейтін коммерциялық емес қауымдастық. Бүгінгі таңда бұл ұйымның құрамына 80-нен астам ел кіріп, оның жұмысына бірлесе қатысып отыр. Жыл сайын жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «World Skills Almaty – 2023»
Өзгелердің жаңалығы