Алматыда вирустық А гепатиті 6,22 есе өсті
Алматыда 10 айдың ішінде А вирустық гепатитімен сырқаттанушылар 6,22 есе өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 14,53, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасыхан Алпысбайұлы мәлімдеді.
А гепатитінде инкубациялық кезең 7 күннен 50 күнге дейін созылады. А гепатитімен барлық жастағы адам ауырады. Көбінесе вакцина алмаған балалар мен оқушылар ауырады. Бүгінде АВГ-пен сырқаттанушылардың көбі оқушылар – 26,2%, жұмыссыздар – 26%, жұмысшылар және қызметшілер – 20,7%, 18,8% студенттерге тиесілі. Алматыда 10 айдың ішінде А вирустық гепатитімен сырқаттанушылар 6,22 есе өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші 14,53, - дейді Қасыхан Алпысбайұлы.
Бүгінде вирустық А гепатитінің алдын алу шарасы - вакцина алу. А гепатитіне қарсы екпе мекенжай бойынша емханаларда 2 жастағы және науқаспен қарым-қатынаста болған, вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балаларға тегін салынады.