Алматыда вирус жұқтыру жағдайы бәсеңдеп келеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру бәсеңдеп келеді. Бұған дейін күніне 600-700 адамның вирус жұқтырғаны тіркеліп келсе, 11 мамыр күні 391 жағдай тіркелген.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте қалада коронавирустық инфекцияның 391 жаңа жағдайы тіркелген, оның 339 симптомдық белгілері бар және 52 cимптомсыз. 505 адам емделіп шықса, 245 науқас жаңадан келіп түскен.

Барлық инфекциялық стационарда 3 247 адам бар, оның 93-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 227 науқас бар. 4 081 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 3 496 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 552 симптомсыз,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ 11 мамыр күні Алматы қаласы бойынша 3 584 адам вакцинация алған. Ал ақпанның 1-нен бері 256 015 адам вакцина салдырған.

16 күн ішінде 2 990 адам QazVac вакцина алды. 3 мамыр күні қытайлық Sinopharm вакцинасының 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 224 адамға вакцина егілді. Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы