Алматыда вирус жұқтырғандар саны қайта артты
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте қалада 638 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның 576 симптомдық белгілері бар және 62 симптомсыз.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шілденің 11 күні 206 науқас ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі сәтте инфекциялық стационарларда жалпы саны 1 724 адам бар, оның 143-і бала.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 121 науқас жатыр. БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен үй жағдайында 3 255 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2932, симптомсыз 323 науқас бар,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 9 418 адам вакцина алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы