Алматыда вирус жұқтырған 163 науқастың жағдайы ауыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында COVID-19-бен тіркелген азаматтардың қазіргі жағдайы мен емі туралы баяндады.
3 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясының 102 921 жағдайы тіркелген. Оның 83 мыңнан астамы симптомды және 19 мыңдайы симптомсыз. Өткен тәулікте 1531 адамның вирус жұқтырғаны анықталған.
Жұқпалы ауруханаларда 5 мыңға жуық науқас бар, оның 241-і бала. 163 науқастың жағдайы ауыр. Стационардағы төсек-орындар 64%-ға толды. Ал реанимациядағы төсек орындардың 44%-ы толы, - деді Сұлтанғазиева.10 мыңнан астам науқас үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында екен. Осыдан 2-3 апта бұрын үй карантинінде бар болғаны 1,5 мың науқас болған. Вирустың жылдам тарауына байланысты амбулаториялық бақылаудағы науқастар саны 6 есеге өскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АШМ: Мемлекет қой мен жылқыларды сақтандыруды субсидиялайды
Өзгелердің жаңалығы