Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әуезов ауданында жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған. Анықталғандай, ол тыйым салынған затты қашықтықтан сатқан. Ер адамның тапсырысты интернет арқылы алғаны белгілі болды.
Тыйым салынған тауарлар тәркіленді. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп жазылған мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы