5 Маусым 2024 2024, 10:07 Фото: - архив

Алматыда ветқызмет директоры 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік астананың ветеринарлық қызметінің директоры сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік астананың ветеринарлық қызметінің директоры сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды. 

Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.