Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, қашып кеткен
Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Алматыда велосипед мінген азамат сауда орталықтарының бірінің маңында зейнеткерді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйелге сол маңда болған куәгерлер көмектескен.
Оқиға 1 маусым күні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, соқтығысудан кейін әйелге алғашқы көмекті жанындағы адамдар көрсеткен. Ал велосипедші оқиға орнынан ізін суытқан.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, құқық бұзушының әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.
- 18 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:52
- Нұртөре Жүсіп: «Қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өз балаңды тәрбиеле» 13:18
- Павлодар облысында мемлекетке 2,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды 12:49
- Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды 12:14
- Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді 11:48
- Астанада қоғамдық орындарды таза ұстауға арналған профилактикалық рейд өтті 11:34
- «Семей орманы» резерватындағы ірі орман өрті оқшауланды 10:51