Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Жоспар бойынша:
– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;
– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
– 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;
– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.
– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату;
– арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;
– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау жоспарлануда.