Алматыда велошеру ұйымдастырылды

Алматыда мемлекеттік рәміздер күні ерекше атап өтілуде. Елуден астам велошабандоз еліміздің көк туын желбіретіп, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталмыш іс-шараға қаланың белсенді жастары, спортшылар, еріктілер мен оқушылар қатысқан.

Еске салайық, мұндай веложарыс дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылуда.

Велошеруге қатысқаныма қуаныштымын. Ауа райы өте тамаша. Көшелерді көк туымен аралап жүрміз. Кейбіреуі жолдан тоқтатып алып суретке түсіп жатыр. Үлкен кісілер ақ батасын беруде. Ұлттық рәміздерімізді ұлықтайтын осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылғанын қалаймыз, - дейді Дидар есімді қатысушы.

Велошабандоздар шеруді Ганди атындағы саябақтан бастап, Шевченко көшесін бойлап Ғылым академиясына қарай жылжыды. Шоқан Уәлиханов атындағы сквердегі мәре сызығында салтанатты түрде әнұран орындады.

Еске салайық, Абай алаңында сағат 19:30-да отандық эстрада жұлдыздары, атап айтқанда Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, «Made in KZ» тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Концерттен соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы