Алматыда вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ақпан айынан бері вирусқа қарсы вакцинаның қос компонентін 70 мыңға жуық адам алды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Ал алғашқы дозасын 200 мыңнан астам адам салдырған. Демалыс күндеріне қарамастан вакцинациялау жоспар бойынша жүріп жатыр. Қалада соңғы тәулікте 667 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. 

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады. 78 науқаста аурудың ешқандай белгісі жоқ. 244 науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінде ем алып жатыр. 46 адам өкпені жасанды желдету аппаратына  қосылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы