Алматыда вакцинациялаудың 203 пункті жұмыс істейді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 17 сәуірдегі вакцинация мен инфекцияның таралуы бойынша жағдаймен бөлісті.

Мәліметке мәйкес, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 5 335 адам вакцинация алды.

1-16 сәуірде қала бойынша барлығы 131 434 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды.

13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті өз жұмысын бастады, - делінген хабарламада.

17 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 677 жаңа жағдайы тіркелді, оның 577-і симптомдық белгісі бар және 120 симптомсыз.

Бір тәулік ішінде  – 392 науқас қабылданды, барлық стационардан 198 науқас шығарылды.

Барлық инфекциялық стационарда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 868 адам (101 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 883, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 983.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы –  258 (бос төсек-орын саны – 192). 

6 328 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 522 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 806 симптомсыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы