Алматыда вакцина салдырғандар саны 180 мыңға жуықтады
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматыда 6 415 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қалада ақпанның 1-нен 24-ші сәуір аралығында барлығы 176 533 адам вакцина салдырған. Бүгінгі таңда Алматыда 205 вакцинация пункті жұмыс істейді, ондағы 406 вакцинация бригадасына 1 827 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.24 сәуір күнгі жағдай бойынша қалада коронавирустық инфекцияның 682 жаңа жағдайы тіркелді, оның 611-де симптомдық белгілер бар және 71-і - симптомсыз. Бір тәулік ішінде ауруханаға 303 науқас қабылданған, барлық стационардан 187 науқас шығарылыпты.
Барлық инфекциялық стационарларда физикалық тұрғыдан 3 871 адам бар, оның 108-і - бала. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы 254 науқас бар. 5 985 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 338 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 647 симптомсыз, - делінеген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экология министрлігінің қызметкерлері ағаш отырғызды
Өзгелердің жаңалығы