Алматыда вакцина салдырғандар саны 100 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Қала бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан бүгінге дейін барлығы 108 069 адам вакцина салдырған. Ал, 14 сәуірде вакциналанған адамдар саны – 10 924 құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіріг сәтте қалада вакцина салатын 203 пункт жұмыс істеп тұр, толық режимде 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді. Сондай-ақ 13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Басқарманың мәліметінше, қалада коронавирус жұқтыру жағдайы азаймай тұр. 14 сәуірде 657 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген, оның 547-ы симптомдармен және 110-сі симптомсыз.

Жалпы емдеуден шығарылғандар саны – 339, келіп түскені – 416. Инфекциялық стационарларда нақты 3 712 адам бар, оның 112-і бала. 767 науқастың жағдайы ауыр, 2 945 – ауырлықтың орташа дәрежесінде. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы саны – 235 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 32 науқас жатыр, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 84, High flow қолданыста – 84 аппарат бар,-делінген хабарламада.

МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 130 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 266, сомптомдарсыз – 864 адам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы