Алматыда вакцина құжаттарын жасаған емхана басшысы ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакцина паспортын сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы almaty-akshamy.kz хабарлады.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, оның қарамағындағылар мен делдалдар да ұсталған.
Олар ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакцина паспортын жасап, оны сатты деген күдікке ілінді. Яғни, медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің «Вакциналау» электронды модуліне жалған ақпарат енгізген. Соның негізінде «egov.kz» электронды үкімет порталында азаматтардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаны туралы жалған электронды паспорттар жасалған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада теннистен Аstana Оpen ATP 250 халықаралық турнирі өтеді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы