Алматыда вакцина алғандар саны миллионға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында вакцина салдырғандар саны миллионға жетті.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев миллионыншы болып вакцина алған адам туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.
Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық, - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы