Алматыда «Үйге жол» ізгілік марафоны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара аясында кез келген мейірімді жан иесіз қалған ит-мысықты арнайы орыннан асырап ала алады, деп жазды «Хабар 24».

Марафон талаптарына сәйкес, адамдар қамқорлығына алған үй жануарын қаладағы ветеринарлық клиникада тегін вакцина салдырып, ультрадыбыстық зерттеуден өтуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ дәрігерлерге ақысыз тексертіп, бір жылдық сақтандыруға ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдетте үй жануарларын тексеруден өткізу үшін жылына 70 мың теңге шығын шығады. Сондықтан қайырымдылық шарасында ит-мысық асырап алса, иелері біраз қаражат үнемдейді. Игі бастамаға Алматыдағы үш орталық қатысып жатыр. Марафон биыл 150 үй жануарын қамтиды.

Бағдарламаға қосымша тамақ қоры да кіреді. Онымен қоса кинологиялық мектепте бір ай тегін оқып, үш рет онлайн сабақ алуға мүмкіндік беріледі. Және асырап алған үй жануарымен бірге зоотакси қызметін 5 рет тегін қолдана алады. «Жақсылық жасасаң өзіңе қайтады» ұстанымын негіз етіп алған шараны қолдаушылар көбейеді деген сенімдеміз, – дейді ветеринарлық медицина орталығының анестезиолог, кардиолог дәрігері Кристина Таран.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы