Алматыда үстіне ағаш құлаған 27 жастағы әйел қаза тапты
Алматыда үстіне ағаш бұтағы құлаған 27 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 13 тамыз күні шамамен сағат 12-де Qarasai park тұрғын үй кешені маңында, Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сынып кеткен ағаш бұтағы әйелдің үстіне құлаған. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Марқұм сол маңдағы кеңселердің бірінде бухгалтер болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан. Қасында болған әріптесі ағаштан жалтарып үлгерген.
27 жастағы әйелдің артында 6 жастағы баласы мен күйеуі қалды.
Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абайды тануда белгілі бір әмбебаптық жоқ – Ербол Тілешов
Өзгелердің жаңалығы