Алматыда ұсталған мәйітхана директорының видеосы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қалалық патологоанатомиялық бюро» ШЖҚ МКК директорын ұстады.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қалалық патологоанатомиялық бюро» ШЖҚ МКК директорын ұстады. Ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деді Данияр Бекайдаров.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің «Қалалық патологиялық бюро» ШЖҚ КГП директоры Бақытжан Әлібеков ұсталғаны хабарланған. Болжам бойынша, бұл ақша қалалық патоанатомиялық бюроның салынып жатқан ғимаратына медициналық техниканы жеткізуге қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоюға арналған. Күдікті Алматыдағы тергеу абақтысына қамалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда ПИК-ті МИБ-ке ауыстыру мәселесі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы