Алматыда ұшақ жанында темекі шеккен екі шетелдік жауапқа тартылды

Әуежай «Алматы – Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысын түсіріп алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі тексеру барысында 20 жастағы екі шетел азаматын анықтады.

Әуе компаниясы өкілдерінің актісі бойынша «Алматы – Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысын түсіріп алды. Көлік полицейлері тексеру барысында 20 жастағы екі шетел азаматын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккен.
Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салынды,- дейді Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы