Алматыда келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда  Jasyl Almaty ауқымды көгалдандыру бағдарламасы аясындағы үш жылдың ішінде 1 млн ағаш отырғызылады.

Бұл туралы Іnstagram парақшасында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев жазды.


#JasylAlmaty ауқымды көгалдандыру бағдарламасы аясындағы үш жылдың ішінде 1 млн ағаш отырғызамыз. Өткен жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл 282 мың. Бұл бес жылдық норма. Көгалдандыру алаңы өткен жылғы 7,7 ш. м бір адамға 8,5 ш. м жетті. Келесі жылы тағы 380 мың ағаш отырғызамыз. Бес жаңа саябақ аймағы құрылады. 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 ш. м құрайды. Норма бойынша 10 ш. м болуы керек, - деп жазды қала басшысы.


Көгалдандыру жұмыстарына қарапайым қала тұрғындары, экобелсенділер, бизнес, құрылыс пен сауда компанияларының өкілдері қатысты. 




Олар көшеттер алып, команда болып жасыл белдеу құруға атсалысуда. Соның бір мысалы ретінде Алатау ауданындағы «Сосновый борды» айтуға болады. Жақында 65 га аумаққа 480 қылқан жапырақты ағаш отырғыздық. Бүгінде мұнда үш мыңға жуық ағаш бар. Бұл жер қаланың тартымды аймағына әрі оттегі фабрикасына айналады, - деді Сағынтаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы