Алматыда үш пәтерді өрт шарпыды

Алматыда тұрғын үйдің балконында өрт шықты. Кейіннен жалын үшінші қабаттағы пәтерді және екі көршілес балконды шарпыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, өрт Наурызбай ауданындағы Редько көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған.

Құтқарушылар оқиға орнына шақырту түскеннен бастап бірден аттанды. Өрт орнынан төрт газ баллоны шығарылды. Қазіргі уақытта өрт толығымен 50 шаршы метр алаңда сөндірілді.

“Нақты мәлімет бойынша, үшінші қабаттағы пәтер мен балкон өртеніп, жалын төртінші және бесінші қабаттардағы балкондарға өткен. Төрт газ баллоны эвакуацияланды”, – деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы