Алматыда ұрлық жасады деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

Алматыда сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде 50 және 52 жастағы ерлі-зайыпты азаматтар екі рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жағдайда олар Ақсай-2 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен.

Жақында тағы да біреудің мүлкін ұрлау дерегі тіркелді. Бұл жолы ерлі-зайыпты бөтен біреудің Macbook-ін ұрлап кетті. Оның үстіне екі ұрлық та бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандар – Алматы облысының тұрғындары, олар өз кінәларын толық мойындады. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы