Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды

Әлеуметтік желілерде ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция осыған қатысты қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстанда бірнеше қайғылы оқиға болды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы