Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті
Алматы қаласында «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелік ұсынымдар, өңірлердегі ономастикалық ахуал секілді мәселелер қаралды.
Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР депутаттары, МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да құтқарушылар қоймада зығыр тұқымының жануын сөндірді
Өзгелердің жаңалығы