Алматыда Үлкен Алматы өзені көріктендіріледі

Ұзындығы 5,7 шақырым болатын аумағы 23,4 гектар Үлкен Алматы өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды.

Жоба бетонды тіреуіш құрылымдарды қайта жөндеу, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көпірлер, жарықтандыру тіректері, бейнебақылау камералары, балалар мен спорт алаңдары, демалыс орындары және модульдік қоғамдық дәретханалар орнатуды қамтиды. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру және бақылау алаңдарын жасау жоспарланған, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Үлкен Алматы өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары 2025 жылы басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтолқын Ғалымғазықызы
Өзгелердің жаңалығы