Алматыда ТЖД қызметкерлері марапатталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы ТЖ департаментiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты жиын өттi. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментi бастығының мiндетiн уақытша атқарушы, полковник Ерлан Әлiбеков жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi генерал-майор Юрий Викторович Ильиннiң құттықтау сөзiн оқып бердi. 

Азаматтық қорғаудың мемлекеттiк саласында қосқан зор үлестерi мен қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi атқарған қызметкерлерге Ерлан Әлiбековпен ведомствалық наградалар және кезектi арнайы шендер табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы