Алматыда туристік үйшіктердің терезелері сынып, қабырғалары майысқан
Алматыда құтқару үйшіктері вандализмнен кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Биыл жазда үйшіктің ішіндегі есік-терезелері сынып, қабырғалары майысқан, матрастары өртеніп кеткен еді.
Үйшіктің қабырғалары қалпына келтірілді. «Лунная поляна» құтқару үйшіктері теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Үйшіктер қолайсыз ауа райында адасқан туристер үшін пана болады. Туристер қиын жағдайға тап болған сәтте көмек көрсетеді, – дейді Алматы қаласының туризм басқармасы.
Еске сала кетейік, туризм басқармасы таулы жерлердің шалғай учаскелерінде 18 тау үйшіктерін орнатты.
Олардың орындары 2GIS қосымшасында белгіленген. Құтқару нысандары күн панельдерімен және барлық қажетті құралмен жабдықталған. Аталған үйшік жазда вандализмге ұшыраған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақ билеттері неге қымбаттап жатыр? - Министр жауабы
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы