Алматыда туристер саны 2 млн-ға дейін артады
Алматыда тоғыз айдың қорытындысы бойынша мегаполистегі туристер саны 17,5% - ға өсіп, 1,5 млн адамнан асты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.
Номиналды мәндегі инвестициялар көлемі 25,2% - ға 66,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ ішкі туристер санының 8,4% - ға 1 104,6 мың адамға дейін ұлғаюы байқалады. Туристердің көптеп келуі туристік аймақтардың ашылуына ықпал етеді. Жыл басынан бері 16 глэмпингке арналған эко-қонақ үй және 112 бөлмелі қонақ үй ашылды. 847 орынға есептеліп, 5 нысанның құрылысы, сондай - ақ 1420 нөмірден тұратын 10 нысанның жобалауы жүргізілуде, - деді қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
2023 жылы қала билігі туристер санының 2 млн адамға дейін, оның ішінде шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін көбейеді дейді.