Алматыда тұрғын үйлердің бірінде қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Қаладағы София тұрғын үй кешенінде белгісіз ер адам тұрғын үйдің кіре берісінде қызға шабуыл жасап, шашынан тартып, жерге құлатқан видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ер адам қызды алаңның бойымен сыртқы есікке дейін сүйреп апарғанын көруге болады.
София тұрғын үй кешенінің тұрғындарды полиция қызметкерлеріне күдікті адамды тауып, жазалауын талап еткен еді.
Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері -25 градус аяз болады
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы