3 Қараша 2026, 16:57 Фото: Threads

Алматыда тұрғын үйдің қасындағы жеке үйден алапат өрт шықты

Алматыда AFD Plaza тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан жеке үйден алапат өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдегі өртті жедел оқшаулаған. 

Қазіргі уақытта Алматы гарнизонының күштері мен құралдары қаланың Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде болған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шаруашылық құрылыстан басталып, жеке тұрғын үйге таралған.

Өртті сөндіру үшін оқпандар берілді. Автоцистерналар өрт гидранттарына қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.

Жағдай бақылауда. Ақпарат нақтыланып жатыр.