Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 30 адам құтқарылды

Алапат жалын Наурызбай ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының ТЖД Баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақпен 14 адам, оның ішінде 5 бала құтқарды және 16 адамды эвакуациялады. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда жиһаз және үй заттары жанған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы,- деді ТЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы