19 Қараша 2026, 04:26 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Серкебаев даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары жанып жатқанын анықтады. Ғимаратты қою түтін басқан.

Құтқарушылар үш буынды сатының көмегімен үшінші қабаттың терезесінен бір адамды құтқарды. Тағы тоғыз адам, оның ішінде бір бала, арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Барлығы 10 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді.