Алматыда тұрғын үйдегі жарылыстан ер адам қаза тапты
Алматыда жарылыс болып, соның салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 2 маусым күні сағат 13:55-те Алатау ауданы, Шапағат шағынауданындағы Биянху көшесінде орналасқан үйдің құрылымдарын бөлшектеу кезінде болған. Оқиға орнынан 1949 жылы туған ер адамның денесі табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының тұтануынан құрылымдардың опырылып құлауы орын алған. 1980 жылы салынған саман үй өртке оранбағанымен, қатты зақымданған.
Жарылыс сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиға орнына ТЖМ, құтқарушылар мен медициналық қызметтер жұмылдырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық қордан триллиондар шашылды, енді тоқтайды – Жұманғарин
Өзгелердің жаңалығы