+19

Алматыда тұрғын үй жанындағы екі қосалқы нысан бұзылып жатыр

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесі, №41 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің жанына заңсыз салынған екі қосымша нысанды сүру туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған болатын.

Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды.

Алматы қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды, ал екінші қосымша құрылысты мәжбүрлі түрде бұзу бүгін, сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүрді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы